19:29, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Солтүстік Қазақстан облысында қаңтардың 1-інен бастап электр энергиясы 8,3 пайызға өсті
ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысында қаңтардың 1-інен бастап халыққа арналған электр энергиясы 8,3 пайызға өсті.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры Марат Мұстафиннің хабарлауынша, энергетика кәсіпорындары өздерінің инвестициялық міндеттемелерін орындаған - олардың тарифтерді арттыру бойынша іс-қимылдары заңды.
Бүгінгі күні облыста энергетика кәсіпорындары құрал-жабдықтарының және желілерінің тозу проблемасы өткір қойылып отыр. Бұл тарифтерді арттырудың негізгі себебі болып табылады.