17:33, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық халық санағына тұрғындардың 93,4 пайызы қатысты
ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгінге дейін Ұлттық халық санағына Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының 93,4 пайызы қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық статистика департаменті бастығының орынбасары Надежда Ушакованың айтуынша, солтүстікқазақстандықтар осы маңызды қоғамдық-саяси шараға түсіністікпен және құрметпен қарауда. Көптеген азаматтар санақшыларға өздері көмектесуде. Ертең - Ұлттық халық санағының соңғы күні. Надежда Ушакованың айтуынша, тұтастай алғанда Солтүстік Қазақстан облысында халық санағы қалыпты өтіп жатыр, ертең ол ойдағыдай аяқталмақ.