Солтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерін қолдауға 47,5 миллион теңге бөлінді

ПЕТРОПАВЛ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлерін, және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қолдауға, республикалық трансферттерден басқа, облыстық бюджеттен 47,5 миллион теңге сома бөлініп отыр.
None
None

Облыстық еңбекпен қамту және әлуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтері бойынша, бұл қаражаттың 21,6 миллион теңгесі - 400 адамның шипажайда демалуын ұйымдастыруға жұмсалса, 1 миллиондай теңге сома - Астана мен Мәскеу парадтарына қатысатын ардагерлерге арнап форма тігуге жұмсалады. Оған қоса, Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне 20 минималды есептік көрсеткіш көлемінде (28 260 теңге) бір реткі жәрдемақыға 25 миллион теңге жұмсалмақ.

Ал демеушілердің қаражаттарына ардагерлерді дәрі-дәрмектермен және отынмен қамтамасыз ету, үйлерін жөндеу және қосымша материалдық көмек көрсету жоспарлануда.

Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының, аудандық және қалалық еңбекпен қамту бөлімдерінің мәліметтері бойынша, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қаңтардың 20-сындағы жағдай бойынша Ұлы Отан соғысының 637 қатысушысы және 229 мүгедегі, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің 53 жесірі, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің 1 212 жесірі, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Блокадалы Ленинградтың тұрғыны» белгісімен марапатталған 28 адам, концлагерьлердің кәмелетке толмаған бұрынғы 74 тұтқыны тұрады.

Соңғы жаңалықтар