Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Наурызды әр аулада тойлауды ұсынды

Өңiр басшысы жиналғандарды Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, көктем мерекесiн тек қалалар мен ауылдардың алаңдары мен көшелерiнде тойламай, сондай-ақ, әр аулада да тойлауды ұсынды.
«Осы жылы бiз Наурыз мейрамын аулалық аумақтар мен тұрғын үй-жайларында қарсы алудан бастасақ, жақсы дәстүр болар едi. Аулалардағы кiре-берiстердi, балалардың ойын алаңдарын, тротуарларды, арықтар мен жауын-шашын кәрiз жүйесiн қардан тазарту, соңында, мүмкiндiгiнше, барлық ауламен мерекелiк дастархан жайып, күш пен шыдамдылықты тексеретiн ұлттық ойындарды ұйымдастыру. Осы барлық iс-әрекеттер бiздегi бiрлiк рухы мен ынтымақтастығымызды одан әрi нығайтатынына сенiмдiмiн», - деп атап өттi Құмар Ақсақалов.
Облыс әкiмi қатысқан iс-шараға Ұлы Отан соғысының, еңбек, спорт ардагерлерi, Қазақстанның Еңбек сiңiрген қайраткерi, облыстың құрметтi азаматтары, қоғамдық кеңестердiң төрағалары қатысты.
«Мiнекей, бүгiн үлкен мереке қарсаңында қоғамдық пiкiрдi қалыптастыратын азаматтармен кездесудi ұйымдастыруды жөн санап, ойларыңызбен бөлiсiп, пiкiрлерiңiздi, ұсыныстарыңызды тыңдау үшiн алдарыңызға келiп отырмыз», - деп атап өттi Құмар Ақсақалов.
Ол екi күн iшiнде бүкiл аудан әкiмдерiн, қала әкiмдерiнiң есептерiн тыңдап, басқарма мен департамент басшыларымен пікірлескенін айтты.