Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі пенитенциарлық жүйе мекемесінде болды

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов жұмыс сапарымен пенитенциарлық жүйе мекемесінде болды,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі пенитенциарлық жүйе мекемесінде болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы таратқан баспасөз баянында айтылғандай, облыс әкімі ЕС-164/3 мекемесіндегі жалпы және кәсіби білім беретін мектептердің жұмысымен, сондай-ақ сотталғандарға коммуналдық-тұрмыстық жағдай туғызу жайымен танысты. Сапар барысында пенитенциарлық жүйе қызметкерлері мен сотталғандарға қатысты бірқатар әлеуметтік мәселелер қаралды. Мысалға, С.Біләлов Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне коммуналдық тұрғын үй бөлуге және сотталғандар оқитын жалпы білім беретін мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартуға нақты көмек көрсету мәселесін қарастыруға уәде берді. Осында алғаш рет Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілеген Қасқиннің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңесінің Қылмыстық-атқару жүйесі қызметіндегі проблемалық мәселелер бойынша отырысы өтті. Онда сотталғандарды еңбекке орналастыру және «Еңбек-Қызылжар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны шығарған өнімдерге тапсырыс беру мәселелері қаралды.Отырысқа Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Қайырболат Есқалиев, мамандандырылған прокурор Андрей Бессонов және облыс әкімдігінің басқарма бастықтары қатысты, делінген баспасөз баянында.