Солтүстік Қазақстан облысының энергетиктері 2011 жылғы инвестициялық міндеттемелер бойынша 3 миллиардтан астам теңгені игереді

ПЕТРОПАВЛ. 21 наурыз. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Солтүстік Қазақстан Энерго» акционерлік қоғамымен 2011 жылға арналған инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге қол қойды.

Солтүстік Қазақстан   облысының  энергетиктері      2011 жылғы инвестициялық міндеттемелер бойынша  3 миллиардтан астам теңгені игереді

Солтүстікқазақстандық энергетиктердің ауқымды жобалар бойынша салымы 3 миллиардтан астам теңгені құрайтын болады.

2009 жылдың 12 мамырынан бастап «Солтүстік Қазақстан Энерго» акционерлік қоғамын қайта жаңарту жөніндегі ұзақмерзімдік бағдарлама қолға алынған болатын. 2015 жылға дейін есептелген бұл бағдарламаның мақсаты - кәсіпорынның қуатын арттыру, зиянды қалдықтардың шығарылуын төмендету және жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін жақсарту болып табылады. Осынау бағдарламаның аясында энергокешен салалық министрлікпен жыл сайын инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге отырады.