Солтүстік Қазақстан облысының ірі машина жасау кәсіпорындары өндіріс көлемін ұлғайтты

ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының ірі машина жасау кәсіпорындары өндіріс көлемін ұлғайтты. Жыл ішінде олар 9 миллиард теңгенің өнімдерін шығарып, өндіріс көлемін 1,6 пайызға арттырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстандағы бірден-бір күрделі мұнай өндіру техникаларын шығаратын «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-да өнім көлемі 1,7 миллиард теңгеге жетті, яғни 2007 жылмен салыстырғанда өндіріс қарқыны 26 пайызға артты. Ал заманауи кешенді локомотив қауіпсіздігі құрылғыларын шығаратын «Киров атындағы зауыт» АҚ-да өндіріс деңгейі 2007 жылмен салыстырғанда 1,5 есе асып түсті. «ЗИКСТО» АҚ-да Қазақстанда алғашқы жүк вагондары шығарылмақ. Оның алғашқысы өткен күзде сериялық өндіріске қажетті барлық сынақтардан ойдағыдай өтті. Өткен жылы мұнда өндіріс көлемі 1,4 есе ұлғайды. Кәсіпорындар республиканың өнеркәсіп кешендеріне және шетелдік әріптестеріне биылғы жылы 14,6 миллард теңге көлемінде өнімдер жеткізуге шарт жасасып отыр, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 37,7 пайыз жоғары.
Соңғы жаңалықтар