Солтүстік Қазақстан облысының кеденшілері ірі көлемдегі контрабандалық тауарды ұстады

ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің контрабандаға қарсы күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысы, М.Жұмабаев атындағы ауданның Ноғайбай ауылындағы «Қарақоға» кедендік бекетінің қызметкерлерімен бірлесе шұғыл-іздестіру шараларын жүргізу барысында
None
None
Қазақстан мен Ресей шекарасының жанында шекарадан 800 метрдей қашықтықта төрт шанаға 6 миллион теңгенің халық тұтынатын тауарларын артып, Ресей Федерациясына өтпек болғандарды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шаналы жолаушылар Ресейдің Омбы облысы Есілкөл ауданының Юнино ауылына қарай бет алған. Кеденшілердің бұйрығына тоқтамақ түгілі, олар алған бағытына қарай жылдамдықты үдете түскен. Ұстау шарасы барысында үш азамат аттарын шанадан ағытып алып, Ресей шекарасынан әрі өтіп кеткен Ал, төртінші шананың иесі оқиға орнында ұсталды, ол Қазақстанның 35 жастағы азаматы болып шыққан. М.Жұмабаев атындағы ауданға қарасты Қарақоға ауылының тұрғынының шанасынан тығыздап оралған үш орама жүк алынды. Тексеру барысында кеден қызметкерлері тағы да осындай 5 түйіншекті тапты. Олардың орауын ашқанда халық тұтынатын тауарлар табылды. 15 түрлі тауардың дені күртешелер мен күзгі жеңіл пальто және т.б. болған. Олар тауарларды кедендік бақылау бекетін айналып алып өтпек болған. Тауарларды сараптау жұмысының қорытындысы бойынша анықталғаны - барлығы 550 күртеше мен күзгі жеңіл пальтоның жалпы бағасы 6 млн. 822 мың теңгені құраған. Қазіргі уақытта тауардың нақты иесін анықтау шаралары жүргізілуде. Жыл басынан бергі екі ай ішінде кедендік бақылау департаменті 11 қылмыстық іс қозғады, оның ішіндегі екеуі ? экономикалық қылмысқа қатысты. Солтүстік Қазақстан облысының кеденшілері жыл басынан бергі уақытта 44,3 млн. теңгенің валютасы мен тауарын тәркіледі.
Соңғы жаңалықтар