Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдары Президентпен «тікелей желіде» берілген 400-ден астам сауалдың орындалуын бақылауда
Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметтері бойынша, облыс тұрғындары қойған сауалдардың көпшілігі халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы мен коммуналдық шаруашылық, құқық тәртібі салаларына қатысты болып отыр.
Ішкі саясат басқармасы әзірлеген облыс әкімінің медиа-жоспарына сәйкес, облыстық және аумақтық мемлекеттік мекемелердің басшылары қарашаның 16-сы 30-ы аралығында «Қазақстан-Петропавл» телеарасының тікелей эфирінде сөз сөйледі. Осы аралықта 21 басшы тікелей эфирде 300-ден астам сауалға жауап берді. Сондай-ақ, «Қазақстан-Петропавл» телерадиоарнасы жергілікті биліктің атқарып жатқан жұмыстары туралы сюжеттер түсіру мақсатында аудандарға 12 сапар жасап қайтты. Ал облыстық, қалалық және аудандық газеттерде «тікелей желіде» қойылған солтүстікқазақстандықтардың сауалдарына арналған арнайы айдарлар ашылды. Желтоқсанның 4-інде «Солтүстік Қазақстан» және, «Северный Казахстан» облыстық газеттерінде облыс әкімі Серік Біләловтің азаматтардың сауалдарына берген жауаптары жарияланды.
Желтоқсанның 5-індегі жағдай бойынша «тікелей желі» веб-сайтында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша азаматтардың сауалдарына 428 жауап жарияланды.