13:17, 09 Қаңтар 2010 | GMT +5
Солтүстік Қазақстан облысының Смирнов кентінде суықтан екі адам үсіп өлді - ҚР ТЖМ
АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы Аққайнар ауданының Смирнов кентінде 46 жасар ер және 45 жасар әйел адам үйлерінің жанында суықтан үсіп өлген,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Бақытсыз оқиға жұма күні, қаңтардың 8-інде, түс кезінде болған.