Солтүстік Қазақстанда бұршақ жауып, күшті жел тұруы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жауып, күшті жел тұруы ықтимал

Солтүстік Қазақстан облысында  23 маусымда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр айналасында болады, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл тұруы мүмкін, бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде түнде және күндіз тұман түседі.

Петропавлда 23 маусымда жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және күндіз тұман түседі.

Қостанай облысында 23 маусым күні кей жерлерде найзағай жарқылдап, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін. Бұршақ жаууы ықтимал.