Солтүстік Қазақстанда жаңа аудан әкімі тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алтынбек Абдуллаевты Есіл ауданының әкімі қызметіне тағайындау туралы ақпарат облыс әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
А. Абдуллаев өткен жылдың шілдесінен қазіргі тағайындауға дейін ветеринария басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
1962 жылы 8 наурызда дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар.1984 жылы Алматы зооветеринария институтын «Ветеринарлық дәрігер» мамандығымен тәмамдаған. 2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «экономист» мамандығымен бітірді.
Еңбек жолын Көкшетау облысы Чистополье ауылында бастаған. Кеңшарда мал дәрігері, бас мал дәрігері болып жұмыс істеген. Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппарат басшысы, Мәмлүт, Қызылжар аудандары әкімдерінің орынбасары болған. 2012-2018 жылдары ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары ретінде еңбек етті.
Автор: Олеся Жуковень