Солтүстік Қазақстанда жоғалып кеткен баланың мүрдесі табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -  Төрт күн бұрын жоғалып кеткен ер баланың денесі Ұлыкөл өзенінің жағасында, судан табылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
None
None

6 жасар Матвей Буровикті 5 шілдеден бастап іздеп жатыр. Куәлердің айтуынша, бала 16.00-де туыстарының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, оралмаған. Старобелка ауылына бала Ресейден анасымен бірге туыстарының үйіне қонаққа келген.

Осы күні ТЖД жедел штаб құрып, баланы  іздеуге  күштер мен құралдар тартылды.

8 шілдеде сағат 13.10 минутта жергілікті тұрғындар Ұлыкөл жағасындағы судан белгісіз себептермен қаза тапқан баланың  мүрдесін тапты.

Іздеу жұмыстарына 18 бірлік техника, 160-тан астам ТЖД, АІІБ, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысқан.

Соңғы жаңалықтар