Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Солтүстік Қазақстанда жол-көлік оқиғасының салдарынан алты адам зардап шекті

ПЕТРОПАВЛ. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қызылжар ауданында ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан алты адам зардап шеккен.

Солтүстік Қазақстанда жол-көлік  оқиғасының салдарынан  алты адам зардап шекті

Өткен жұма, шілденің 23-і күні сағат 19.00 шамасында «Петропавл-Есіл» тас жолының 20-шы шақырымында «Фольксваген Венто» және «Фольксваген Пассат» жеңіл көліктері соқтығысып қалды. Жүргізушілердің бірі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, соның салдарынан екінші көлікпен бетпе-бет соғысқаны айтылуда. Апат салдарынан екі жүргізуші мен «Фольксваген Пассат» көлігінің төрт жолаушысы: үш әйел мен екі жасар қыз бала қатты зардап шеккен. Зардап шегушілер түрлі жарақатпен облыстық орталықтағы ауруханаға жеткізілді. Полицейлер апаттың себебі мен оған кінәліні анықтауда.

Облыстық жол полициясы басқармасының ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың І жартыжылдығында облыс жолдарында 112 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оларда 23 адам қаза тапқан, 130 адам түрлі жарақат алған.