Солтүстік Қазақстанның агроқұрылымдары егін егуге кірісті

Жақында егіс алқаптарына өнімділігі жоғары бірінші егіс кешендері шықты. Егу науқанына облыстың барлық дерлік ауданы кірісті.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биылғы жылы солтүстікқазақстандық диқандар 4,5 миллион гектар жерге егін егуді жоспарлауда.
Дәнді дақылдар 3,8 млн. га аумаққа егіледі. Биыл майлы дақылдар аумағын 328 мың гектардан астамға, жемшөптік дақылдарды 300 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.
Биыл облыста жоғары сұрыпты 546 мың тонна дәнек егілді, олардың барлығы қазір зарарсыздандырудан өтуде.
Көктемгі тұқым себу науқанында егіс алқаптарына өнімділігі жоғары 960-дан астам егіс кешендері шығады. Тек ағымдағы жылы ғана ауылшаруашылық тауар өндірушілері жаңа заманауи техниканың 271 бірлігін, соның ішінде 3500 миллиард теңгеге 32 егістік кешенін сатып алды.
Биылғы жылы жанар-жағармаймен қамтамасыз етілумен қиындықтар туындамайды. Солтүстік Қазақстан облысына 65 мың тонна дизельдік отын бөлінген, қазіргі кезде оны ауылшаруашылық тауар өндірушілері сатып алуда. Қамтамасыз етілу шамамен 92 пайызды құрайды.
Солтүстік Қазақстан аграршылары егіс науқанын белгіленген мерзімде - 5 маусымға қарай аяқтауды жоспарлауда.