Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяның шекарасында қарулы қақтығыс орын алды
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - Солтүстік және оңтүстік Кореяның шекарасында қарулы қақтығыс орын алды.
Оңтүстіккорейлік қолбасшылықтың мәліметі бойынша, мемлекеттер арасындағы батыс теңіз учаскесінің бойында артиллериялық қарулардан оқ атылды, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Оқиғаның мән-жайы мен келуі мүмкін зардаптар туралы толыққанды ақпараттар түскен жоқ.
Жергілікті өкіметтің ақпараты бойынша, Корея Халық Демократиялық Республикасының тарапынан Оңтүстік Корея жаққа бірнеше рет оқ атылған. Бұл шабуылға шекара маңындағы әскери-теңіз базасынан дереу жауап берілген.
Солтүстік Корея өкіметі осыдан бірнеше күн бұрын мәлімдеме жасап, Сеулді мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты қасақана ушықтырып отыр деп айыптап, Оңтүстік Корея тарапынан кез-келген агрессияға жауап беруге әзір екенін мәлім еткен болатын. Солтүстіккорейлік шенеуніктердің бұл мәлімдемесіне Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігінің жақында жасаған мәлімдемесі жауап болып табылады. Сеул, атап айтқанда, Солтүстік Корея тарапынан ядролық шабуылға әзірліктің айқын белгілері байқалса, қарап қалмайтынын, «шабуылдың алдын алу мақсатында соққы беруге» әзір екенін мәлім еткен еді.