Солтүстік Корея сүңгуір кемесінен баллистикалық зымыран ұшырды

"Біз өткен айда Солтүстік Кореяның су астынан баллистикалық зымыран ұшырылымының сыналуын анықтадық", - деп мәлімдеген агенттікке дереккөз. Оның мәліметінде, "талдау қорытындысына сенсек, ұшырылым ойдағыдай аяқталмаған", деп көрсетілген.
Қорғаныс саласының қызметкері ақпарат агенттігіне Солтүстік Кореяның теңіздегі баллистикалық зымыран жасау үшін барынша тырысып жатқандығын атап өткен.
Америкалық басылым Washington Free Beacon кеше осы оқиға бойынша, ұшырылымның 21 желтоқсанда өткендігін хабарлады. Зымыран Жапон теңізіндегі Солтүстік Кореяның Синпхо портында сүңгуір кемеден ұшырылған. Басылым сілтеме жасаған әскерилер сынақтың сәтті өткендігін мәлім еткен.
Вашингтондағы Америка-корей институты сынақтың жалғасып келе жатқандығын мәлім етті. Ғылыми орталықтың қорытындысында спутниктен түсірілген суреттер ұсынылған. Америкалық сарапшылар суреттерді талдай келе «21 желтоқсанда Солтүстік Корея "Синпхо" сүңгуір кемесінен KN-11 баллистикалық зымыранын ұшыруға әрекет жасаған» деген тұжырымға келіп отыр. Батыстық дереккөздердің мәіметі бойынша, бұл оқиғадан бір ай бұрын КХДР су астынан зымыран ұшыруға әрекеттеніп сәтсіздікке ұшыраған. Сол жолы "Корэ" (Кит) сүңгуір кемесіне зақым келген болатын.