Солтүстік Корея үшінші ядролық сынаққа дайындалуда

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Корей Халық Демократиялық Республикасында ақпан айынан бері ядролық қарудың үшінші сынағына әзірлік жүргізіліп келеді. Сынақ ағымдағы жылдың мамыр немесе маусым айларында жасалуы ықтимал, деп хабарлады оңтүстіккорейлік YTN радиостансасы аты аталмаған дипломатиялық көздерге сілтеме жасап.

Солтүстік Корея  үшінші  ядролық сынаққа дайындалуда

Олардың мәліметтері бойынша, 2009 жылдың қазан айы мен 2009 жылдың мамыр айында жасалған алғашқы екі ядролық сынаққа қарағанда, бұл жолы Пхеньян едәуір жоғарырақ техникалық деңгейдегі сынаққа әзірленуде.

Алғашқы екі сынақ та шетелде «жартылай сәтті» деген баға алған болатын. Солтүстік Корея сондай-ақ өз баллистикалық зымырандарын жасау бағдарламасын жүзеге асыруда.