Солтүстік Корея ұшу қашықтығы 1000 шақырымға дейін жететін үш зымыран ұшырды - басылым
ТОКИО. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Сенбі күні Солтүстік Корея іс жүзінде жапон елордасының аумағына жете алатын, ұшу қашықтығы 1000 шақырымдық жаңа тұрпатты үш «Скад» зымыранын ұшырды. Өткен сынақты талдаған сеулдік әскери сарапшылар осындай баға беріп отыр,
деп хабарлайды Оңтүстік Кореядағы жетекші басылымдардың бірі - «Чосон Ильбо» үкіметтегі дерек көздерге сілтеме жасап.
Мамандардың пікірінше, Пхеньян өзіндегі ұшу қашықтығы 500 шақырымды шамалайтын, шартты атауы «Скад-С» зымыранын түрлендіріп, соны ұшырған. Олармен бірге сондай-ақ, 1300 шақырымға дейінгі аралықтағы нысандарды жоятын орта қашықтықтағы екі «Нодон» баллистикалық зымыраны да ұшырылған деп пайымдалуда. Олардың барлығы алдын-ала белгіленген ауданға, Солтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс жағалауындағы Китэрён полигонынан 420 шақырым жерге құлаған. Сенбі күні ол аумаққа жеті зымыран ұшырылды, олардың ішінде жақын қашықтыққа арналған екі зымыран болды, дейді Сеулдегі дерек көздер.