Солтүстік Кореяда ұзақ өмір сүргісі келетіндерге қарағай шайын ішуге кеңес берілуде

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Біраз уақыт бойы қарағай қылқанын қайнатып ішкен адам «қартаймайды, әрқашан жеңіл жүріп-тұрады,
None
None

аштықты сезбейді және ұзақ жасайтын болады». Бұл туралы сонау 15-ші ғасырда жазылған корейлік атақты «Жергілікті дәрі-дәрмектер туралы білімдер жинағында» жазылған.

Осынау ежелгі медициналық трактатты зерделеп шыққан солтүстіккорейлік «Денсаулыққа арналған табиғи өнімдер» компаниясының мамандары бірқатар тәжірибелік сынақтардан кейін қарағай шайына негіз болған арнайы гранулалар жасап шығарды. Табиғи шикізаттан жасалған бұл түйіршіктер өзінің емдік қасиетін, қылқанның исін сақтаған және тіпті суық суда да жеңіл ериді.

С және Е витаминдері бар жасыл түсті сусын ағзаның иммундық қызметін көтереді және қартаюға тосқауыл болады. Оған қоса, оның құрамында В тобының витаминдері, рутин, кальций, селен және басқа да 40-тан астам микроэлементтер, адам азғасына қажетті аминоқышқылдар, эфир майы, гормональдық заттар бар, дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар