Солтүстік мұзды мұхит айлағында 200 млрд. баррель мөлшерінде мұнай қоры бар

ЛОНДОН. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Солтүстік мұзды мұхит айлағындағы мұнай қоры орасан көрсеткішке - 200 млрд. баррелге жетті.
None
None

 Көлемі бойынша екінші болып табылатын Еуроодақтың мұнай компаниясы - «Бритиш Петролеум» осындай болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

 «Оның оффшорлық аймақтарын қоса алғанда Солтүстік мұзды мұхит айлағы бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша ашылған жалпы мұнай санының ширегінен бастап жартысына дейінгі көлемді құрайды», - деп хабарлады «Бритиш Петролеум» компаниясы пайдалану бөлімінің бастығы Майк Дейли. Оның айтуынша британдық компания қазір Арктиканың бірқатар жерлерінде геологиялық барлауды белсенді жүргізуде.

Сонымен қатар, «Бритиш Петролеум» компаниясының барынша терең қабаттардан мұнай өндіру бойынша ең заманауи технологияларға ие екені де мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар