15:37, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Солтүстік Мұзды мұхиттың алабында 200 миллиард баррель мұнай қоры жатыр
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Мұзды мұхиттағы мұнайдың қоры 200 миллиард баррельге жетеді. Еуроодақтың ауқымы жағынан екінші компаниясы саналатын - «Бритиш Петролеум» компаниясы осындай болжам жасады,
деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.
«Мұзды мұхиттың алабында, оның оффшорлық аудандарын қосқанда, бүгінде бүкіл әлемде ашылған жалпы мұнай қорының ширек бөлігінен жартысына дейін жететін мұнай қоры бар», - деп хабарлады «Бритиш Петролеум» компаниясының бөлім басшысы Майкл Дейли. Оның айтуынша, британдық компания қазір Арктиканың бірқатар аудандарында - Ресейдің, Канада мен АҚШ-тың экономикалық аумақтарының суларына жақын маңда геологиялық барлау жүргізуде. Табиғи газдың жаңа кеніштерін іздеу жөніндегі бірқатар жобалар «Ресеймұнай» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда, дейді Дейдли.