«Солтүстік-Оңтүстік» транзитіндегі 500 киловаттық электр қуатын жеткізетін жоба «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасына енгізілді

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитіндегі 500 киловаттық электр қуатын жеткізетін желінің құрылысы жөніндегі инвестициялық жоба серпінді жобалардың қатарына және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.
None
None
Бұл туралы Қазақстан Даму банкінің баспасөз қызметінің бүгін таратқан хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың экономиканың шикізаттық емес, ғылыми қамтымды және жоғары технологиялық салаларын дамыту жөніндегі тапсырмаларын, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі электр энергетикасын дамыту бағдарламасын іске асыру аясында орындалған. «Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың мамырдың 27-де Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында аталмыш жобаның аясында жүзеге асырылып жатқан «ЮКГРЭС ? Ақадыр» 500 киловаттық желі іске қосылды. Бұл жобаның жалпы құны ? 336,2 млн. долларды құрайды, бұл ретте Қазақстан Даму банкі инвестициясының көлемі 74,4 млн. доллар», делінген хабарламада. Іске асырылып жатқан жоба электр қуатының тапшылығын жабу үшін еліміздің солтүстік облыстарынан оңтүстік өңірлеріне электр энергиясын тасымалдауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндіріс саласына ел тұрғындарын тартуға жағдай жасауға бағытталған.
Соңғы жаңалықтар