Солтүстік полюс еріді

30 желтоқсанда Солтүстік полюс айналасындағы орасан зор аумақта температура Цельсий бойынша минус бір мен плюс бір жарым градустың арасында құбылып тұрды. Солтүстік ендіктің 87,45 градус ендігінде орналасқан Бакен 64760-де ең жоғары - 0,7 градусты көрсетті.
Мұндай аномалиялық жағдай екі қуатты ауа райы құбылысының арқасында туындады. АҚШ пен Солтүстік Еуропа бойынша жүретін төменгі қысым жүйесі (циклон) Сібірдегі жоғары қысым жүйесі (антициклон) жылы жерортатеңіздік ауаны Солтүстік полюске ығыстырып шығарды.
Дегенмен қыстағы Солтүстік полюстегі жылы температура - уақытша құбылыс, деп сендіреді ғалымдар. Арктикалық мұздардың жазда еруі бұдан әлдеқайда қауіпті. Солтүстік полюстің еруін журналистер 2015 жылдың соңындағы табиғаттың тосын сыйы деп атады, бұл бақылаудың бүкіл тарихындағы ең жылы құбылыс болды., деп хабарлады Лента.ру.
Фото: earth.nullschool.net