Солтүстік теңізде алапат толқын бұрғылау платформасын жұлып кетті, құрбандар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік теңізде күшті дауыл қытайлық мұнай компаниясы тобына тиесілі мұнай-газ платформасын қиратып кетті, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

Бұрғылау қондырғысы аумағында алапат толқынның биіктігі 14 метрге, ал жылдамдығы секундына 30 метрге жетті. Адамдарды эвакуациялау мүмкін болмады. Қатты жел тікұшақтың қонуына кедергі келтірді.

Апат салдарынан үш адам зардап шегіп, біреуі ажал құшты. Жарақаттанғандарға медициналық көмек көрсетілді. Платформада барлығы 100-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың жартысы эвакуацияланды. Фото: РИА Новости. Владимир Астапкович

Соңғы жаңалықтар