13:14, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Солтүстік Тува кенішінде екі адам қаза болды
АҚТӨБЕ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Мұғалжар ауданындағы Солтүстік Тува кенішінде, «Ақтөбемұнайгаз СНПС» компаниясы «Октябрьскнефть» мұнай-газ өндіруші басқармасының 1-стансасында жазатайым оқиғаның салдарынан екі адам қаза болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі облыстық департаменттің ақпараты бойынша, №7 сыйымдылық бөшкесін байланыстыру мақсатындағы дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде кенеттен жарылыс болып, оның салдарынан өрт шыққан. Нәтижесінде екі жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. Тағы төрт жұмысшы түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға түсіп отыр. Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын тексеруге кірісіп кетті. Бұл жылдың басынан бері орын алып отырған осындай алғашқы оқиға.