Солтүстікқазақстандық конькиші Италияда өткен Әлем кубогында алтын медаль иеленді

ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстікқазақстандық конькиші, халықаралық санаттағы спорт шебері Роман Креч Италияның Коллальбо қаласында жасөспірімдер арасында өткен Әлем кубогында тамаша нәтижеге қол жеткізді.
None
None
Қазақстанның ұлттық құрамасы қатарында өнер көрсеткен Роман 500 метрлік қашықтықта алтын медаль қанжығалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл - Петропавлдағы Қазбек Байболов атындағы қысқы спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде оқитын Романның ең жақсы көретін қашықтығы. Бұл жолы ол 500 метрді 36,56 секундта бағындырып отыр.
Соңғы жаңалықтар