14:33, 01 Наурыз 2009 | GMT +5
Солтүстікқазақстандық конькиші Польшада жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Конькимен жүгіру спортынан Закопань қаласында (Польша) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында солтүстікқазақстандық спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Роман Креч табысқа жетіп, екі күміс медальді жеңіп алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазбек Байболов атындағы қысқы спорт түрлерінен Петропавл мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің және олимпиадаға дайындау орталығының тәрбиеленушісі 500 және 1500 метр арақашықтықта бақ сынап, екеуінде де екінші болып мәреге жетті.Роман өткен жылы да жастар арасыындағы әлем чемпионатында күміс медальға қол жеткізген болатын. Ал, осы жылғы қаңтарда ҚР атынан сынға түскен солтүстікқазақстандық желаяқ Италияның Коллальбо қаласында өткен Әлем кубогында 500 метрлік қашықтыққа жүгіруде алдына жан салмай, алтын жүлдені олжалады.