Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Солтүстікқазақстандықтар Конституция күнін салтанатпен атап өтуде

ПЕТРОПАВЛ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов / - Бүгін еліміздің барлық өңірінде сияқты, Солтүстік Қазақстан облысында да Конституция күні атап өтілуде. Петропавлда жүздеген қала тұрғындары мен қонақтары Ата заңның қабылдануының 15 жылдығын салтанатты жағдайда атап өту үшін Мағжан Жұмабаев атындағы көшеге жиналды.

Солтүстікқазақстандықтар  Конституция күнін салтанатпен  атап  өтуде

Салтанатты шара құрамына ІІМ Ішкі әскерінің Ішкі әскерлер әскери институтының офицерлері мен курсанттары, 3367 әскери бөлімнің, басқа да күш-қуат құрылымдарының әскери қызметкерлері кіретін Петропавл әскери гарнизоны әскерінің парадынан басталды. Одан кейін қаладағы кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдары колоннамен жүріп өтті. Студенттер мен оқушылардың саптары мерекелік шеруді қорытындылады.

Мерекелік салтанатқа жиналған қауым сондай-ақ, үлкен экраннан трансляцияланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын тыңдап, Астанада өткен әскери парадты тамашалады.

Одан кейін сөз сөйлеген облыс әкімі Серік Біләлов, «биылғы мерекені солтүстікқазақстандықтардың тамыздың 24-інде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аймаққа жасаған сапарынан рухтанып қарсы алып отырғандарын» атап көрсетті. «Елбасы аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға берді, мұның бәрі облысымыздың барлық тұрғындарының ерен және табысты еңбектерінің жемісі», деді әкім өз сөзінде.

Қазір Петропавлда қалалық саябақтар мен басқа да демалыс орындарында халық серуені жалғасуда.