Солтүстіккореялық сақшылар ел шекарасынан заңсыз өткен американдықты ұстады

АСТАНА.  Желтоқсанның   29-ы. ҚазАқпарат  - Солтүстіккорейлік  шекарашылар  желтоқсанның  24-інде   ел  шекарасын заңсыз кесіп  өткен  американдық азаматты    ұстады.  
None
None

 Бұл туралы ЦТАК мемлекеттік   ақпарат  агенттігінің арналары  бойынша    бүгін  таратылған   қысқаша   хабарламада айтылған. Материалда атап көрсетілгендей,  «құзырлы  органдар қазір  оқиғаның  мән-жайын тексеруде».

 Бұған дейінгі  ақпараттарда, Солтүстік Кореядағы   адам құқықтарының бұзылу проблемасына  жұртшылықтың назарын  аудару  үшін  шыққан тегі корейлік 28  жастағы Роберт  Пактің   Қытай мен  Солтүстік Кореяның арасындағы шекараны   кесіп өткені     хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар