16:06, 14 Қаңтар 2024 | GMT +5
Солтүстік Қазақстанда «Көкшетау-Рузаевка» жолы жабылды
Солтүстік Қазақстан облысында Ақмола облысы шекарасынан Саумалкөл ауылына дейінгі жол бөлігі жабылды, деп хабарлайды Kazinform.

Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, 13.30-дан бастап Ақмола облысында жолдардың жабылуына байланысты республикалық маңызы бар «Көкшетау-Рузаевка» жолында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі бес облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлаған болатын.