Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан көлік жүргізушісі көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысына қарасты «Мамлютка-Қостанай» тас жолында жол апаты болып, Audi көлігінің жүргізушісі қаза тапты. Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды.

Солтүстік Қазақстанда жан түршігерлік жол апатынан көлік жүргізушісі көз жұмды
Фото: Kazinform

Оқиға 8 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысындағы «Мамлютка-Қостанай» тас жолында болды. Жол апатынан Audi жүргізушісі қайтыс болды. Қазір апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жол және ауа райы жағдайын ескеріп, көліктің қалыпты жағдайда болуын қадағалау керектігін ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін Жезқазған — Петропавл автожолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар