Солтүстік Корея Жапония теңізіне қарай қанатты зымырандар ұшырды

АСТАНА. KAZINFORM – КХДР Жапон теңізіне қарай бірнеше қанатты зымыран ұшырды, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

р
Фото: Yonhap

Yonhap агенттігінің Корея Республикасы Қарулы Күштерінің біріккен штаб бастықтарына сілтеме жасап хабарлауынша, зымырандар таңертең Хамгён-Намдо провинциясынан ұшырылды. Снарядтар теңізге түскен деген болжам бар.

Оңтүстік Корея әскерилері ұшыруға дайындықты көргендерін және оған дайындалғанын айтты. Олар АҚШ-пен ақпарат алмасып отыр.

Бұған дейін 8 мамырда Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлаған болатынбыз

Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.

Соңғы жаңалықтар