Сомалиде қақтығыстар салдарынан 150-ден астам адам құрбан болды

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Сомалиде жауласқан екі исламшыл топтардың арасындағы қақтығыстардың салдарынан 150-ден астам адам құрбан болды.
None
None

Бұл туралы сейсенбі күні журналистерге БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының жергілікті кеңсесінен мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

«Қақтығыстар орын алған аймақтарда жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардан алынған мәліметтер бойынша, Галгадуд провинциясындағы Дусамареб қаласында болған соғыстың салдарынан 150-ден астам бейбіт азамат қаза тапты және тағы 7 мыңға жуық адам баспанасыз қалды. Қаңтардың 2-сінен бері жалғасып келе жатқан қақтығыстар радикалдық «Аш-шабаб» тобы мен «Ахла Сунна Валжамака» қозғалысының арасында орын алуда.

«Қауіпсіздіктің жеткіліксіздігінен біз босып жүрген халыққа көмек көрсете алмай отырмыз, бірақ оларға азық-түліктер, дәрі-дәмектер мен таза су жеткізу үшін жергілікті үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеп жатырмыз», - деп хабарлады БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының жергілікті кеңсесінен.

Соңғы жаңалықтар