Сомалиде қуатты жарылыс болды
Жарылыс салдарынан бірнеше адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл қонақүйге Хиршабель әкімшілігінің жоғары лауазымды шенеуніктері жиі келеді.
Мәлім болғанындай, зардап шеккендердің арасында Хиршабель штатының Денсаулық сақтау министрі бар.
Джоухар Хиршабель штатының әкімшілік орталығы саналады. Ол ел астанасы Могадишо қаласынан солтүстікке қарай 90 км қашықтықта орналасқан.
Оқиғаның куәгерлері жарылыс көршілес ғимараттарға да зақым келтіргенін айтады.
Олардың сөзінше, бұл Сомалиде соңғы уақытта болып отырған үлкен жайсыз оқиғалардың бірі.
Жарылысты ешбір террорлық ұйым мойнына алмады. Алдын ала болжам бойынша терактінің артында «Әл-Қайдамен» тығыз байланысы бар «Аш-Шабаб» ұйымы тұруы ықтимал.
Фото: aa.com.tr