Сомалиде теңіз қарақшылары жүк кемесін басып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сомалиде соңғы 5 жылда алғаш рет теңіз қарақшылары жүк кемесін басып алды.
None
None

Шри-Ланка жалауы тігілген мұнай танкерінде 10 шақты адам болған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қаскөйлер оларды босату үшін ақшалай кепіл сұрап отыр. Алайда оның нақты сомасы жайлы әзірге белгісіз.

Айта кеткен жөн, 2010 жылдардың басында Аден шығанағында теңіз қарақшыларының шабуылдары жиілеп кеткен. 2011 жылдың өзінде мұндай 250-ге жуық дерек тіркеліпті. Келтірілген материалдық шығын 7 миллиард доллардан асады. Осыдан кейін халықаралық күштер өңірде қауіпсіздік шараларын күшейтіп, 2012 жылдан бері қастандық әрекеттер тыйылған болатын.

Дереккөз: «Хабар 24» арнасы.

Соңғы жаңалықтар