17:00, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Сомалилік қарақшылар химиялық жүк тиелген танкерді басып алды
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Аден бұғазында сомалилік қарақшылар британдық танкерді басып алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
«Джеймс Парк» деп аталатын кемеге 13 тонна химиялық жүк тиелген болатын. Экипаж 26 адамнан тұрады. Кейбір деректерге қарағанда олардың ішінде ресейліктер де бар.Қалған теңізшілер - Украинаның, Грузияның, Болгарияның, Филиппиннің, Польшаның, Үндістанның және Түркияның азаматтары. Танкер Ұлыбританияның туы астында Испаниядан Таиландқа кетіп бара жатқан еді. Қазір химиялық жүк тиелген танкер Сомали жағалауларына қарай жылжып барады.