Сомалилық қарақшылар сегіз үнді кемесін басып алды

АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Сомалилық қарақшылар сегіз үнді кемелерін қармаққа түсіргені жайлы үнді телеарнасының Times Now сайтында хабарланған. Жалпы саны 120 теңізші тұтқындалды. Кемелер Сомалиден шығып Дубайға жол тартқан. Олар айлақтан шыққаннан кейін аз уақыттан соң қолға түскен. Қарақшылар әлі ешқандай талаптар қоймады.
None
None

Үнді Теңіз әскери күштерідегі дереккөздер кеменің тұтқындалғаны жайлы ақпаратты растады. Әскерилер қарақшылармен келіссөз жүргізіп, теңізшілерді босатып алуға күш салып жатыр. Тұтқындалған теңізшілердің туыстары журналистерге үкіметтен көмек сұрағандарын айтты.

Біраз уақыттан соң кениялық теңіз-әскери күштеріне сегіз кеменің біреуінің экипажымен байланысқа шығуға мүмкіндік болған. Теңізшілер Сейшель аралдарындағы айлаққа келіп тоқтағандарын хабарлады. Басқа да телеарналардың ақпарат көздеріне жүгінетін болсақ, қалған кемелер әлі де тұтқындалған аумақта жүр.

Үнді кемелерінің тұтқындалғанына байланысты әскерилер Аден шығанағы мен Сейшель аралдарындағы аумақты күзетуді қатаң бақылауға алатынын хабарлады. Наурыздың 29-ында Аден шығанағында панамалық Iceberg International Ltd. компаниясының "Айсберг 1" жүк кемесі, 24 экипажымен қарақшылар қолына түскен болатын. Қарақшылар мұнда да төлем жайлы ешқандай талаптар білдірмеген.

Соңғы жаңалықтар