Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Соңғы жылдары студенттерге арналған қанша жатақхана салынды

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының 19 маусымдағы депутаттық сауалына берген жауабында елімізде соңғы бірнеше жылда қанша жатақхана салынғанын мәлімдеді.

Атырауда 900 орындық жатақхананың жобалау жұмысы неге ұзаққа созылды
Фото: Атырау облыстық құрылыс басқармасынан

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2018 – 2025 жылдар 
кезеңінде 72 125 орындық 281 жатақхана салынды (реконструкцияланды) және пайдалануға берілді, оның ішінде ЖОО студенттері үшін – 51 323 орындық 182 жатақхана, колледж студенттері үшін – 20 802 орындық 99 жатақхана. Жұмыс мемлекеттік және жеке қаржыландыру көздерін, мемлекеттік жекешелік әріптестікті тарту арқылы, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін іске асыру арқылы жүргізіледі, – делінген жауапта.

Үкімет басшысының мәлімдеуінше, 2018 жылы жатақхана тапшылығы 61,4 мың орын болған. Ал жоғарыда аталған жұмыстардың арқасында бұл көрсеткіш 83,6 %-ға қысқарды.

– Нәтижесінде Орындардың болжамды тапшылығын анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес 2026 жылдың басында орын тапшылығы 10,1 мың орынды құрады (жоғары оқу орындарында 5 176 орын және колледждерде 4,9 мың орын). Бұл ретте Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын пысықтау барысында 33 мың орын тапшылығы бойынша деректер расталған жоқ, – деп мәлімдеді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда 800 орындық жатақхананың жобалау жұмысы неге ұзаққа созылғанын жазғанбыз.