Соңғы 14 жылда Қазақстанның экономикалық қуаты - 8 есе, халықтың табысы - 17 есе өсті - Елбасы

АСТАНА. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Соңғы 14 жылда Қазақстанның экономикалық қуаты - 8 есе, халықтың табысы - 17 есе өсті. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақ елі» монументі орналасқан алаңда өткен ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты әскери шеруде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ата заңымыз - әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының өсуінің кепілі. Тегін орта білім, азаматтардың денсаулығын қорғау, аналар мен балаларға, мүгедектерге және аға буынға қамқорлық жасау  мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген.Соңғы 14 жылда Қазақстанның экономикалық қуаты - 8 есе, халықтың табысы - 17 есе өсті. Бұл Ата заңымыз бойынша еліміз өмірінің нақты нәтижелері», деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.

 Президент Қазақстанның экономикасы қазіргі әлемдік сұрапылдың тегеуірініне төтеп бергенін атап өтті. «Мемлекет әрбір ауылға, әрбір қазақстандық отбасыға көмектесті және қолдау көрсетті. Бюджет қызметкерлерінің жалақысы, зейнетақы, жәрдемақы және стипендия ұлғаюда. Шағын және орта бизнеске, құрылыс индустриясына, жетекші банктерге қолдау көрсетілді. Перспективалық инвестиицялық жобаларға қомақты инвестициялар бағытталды. Қазірдің өзінде 350 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Қазақстан бүгінде экономикалық дамудың жаңа сапасына қол жеткізуге және барлық қазақстандықтардың өмірінің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге бағдарланды», деді Н. Назарбаев.

Елбасы  Қазақстан Конституциясы халық үшін жасалғанын, оны халық қабылдағанын және халықтың игілігі үшін жұмыс жасап жатқанын  атап өтті.

Соңғы жаңалықтар