Соңғы 3-4 айда Қазақстаннан Ресей нарығына 2 млрд АҚШ доллары кетті - Қайрат Құдайбергенұлы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өңірлік Кәсіпкерлер палатасының басшылығы мен жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен баспасөз брифингі өтті. Жиын барысында компания өкілдері өз бизнестеріне теңге бағамының өзгеруі қалай әсер еткендігімен бөлісті.
None
None

Сарапшылардың айтуынша, ҚР Үкіметінің теңгені еркін ағымға жіберу туралы шешімі ең бастысы экспортшыларға тың серпін бермек. Оның ішінде ішкі нарықта да тұтынушылар қиын жағдайға түскен отандық тауар өндірушілерді қолдауы керек. «Соңғы 3-4 айда Ресей нарығына Қазақстан тұтынушылары 2 млрд АҚШ долларын салды. Ол қаржының барлығы біздің экономикамызды қолдауға кеткенде жақсы болар еді. ШОБ-тың ЖІӨ-ге құяр үлесі 17 пайызды ғана құрайды. Ал ірі экспортшылардың үлесі 70 пайыздай. Бюджет түсімінің 70 пайыздан астамы ірі экспортшылардан болады. Біздің экспортшылар қазір баяу болса да, өндіріс көлемін ұлғайтып келеді», - деді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Құдайбергенұлы. Алматы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Әлфия Балованың айтуынша, Алматы қаласының өзінде экспорт 47%-ға азайып кеткен. Басқарма басшысы жаңа экономикалық-қаржылық саясат Қазақстанның экспорттық әлеуетін қалпына келтіруге көмектесетіндігіне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар