Соңғы 5 жылда 609 полицей қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапты - Қ.Қасымов

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Жылдан жылға қызметтік борышын өтеу барысында қаза табатын және жарақат алатын полицейлер қатары артып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау проблемасын шешумен қатар ішкі істер органдары қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселесі де барынша өзекті болып отыр. «Соңғы 5 жыл ішінде қызметкерлерге тіл тигізу, полицейлерге қарсылық таныту және бағынбаудың шамамен 8,5 мың оқиғасы тіркеліп отыр. Жылдан жылға қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан және жарақаттанған қызметкерлердің саны өсуде. Мәселен, 2007 жылдан бері 609 қызметкер қаза тауып, 672-сі жарақат алды», - деді ол.

Министрдің пайымынша, мұндай статистикалық дерек Ішкі істер министрлігі тарапынан алаңдаушылық туындатады әрі бұл полицейлерді әлеуметтік қорғау қажеттілігін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар