Соңғы бес жылда елордада жылу тарифтері қаншаға өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма төрағасы Василий Куриско соңғы бес жылда елордада жылу тарифі қаншаға өскенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы бес жылда елордада жылу тарифтері қаншаға өсті

«Жылумен жабдықтау желісінің тозуы бүгінде – 56%. Әзірге кешіктірілген жөндеу жұмыстары жоқ. Енді біз 2021-2025 жылдарға арналған тарифті қорғаймыз. Егер біз мәлімдеген тариф берілсе, онда желіні жөндеуде кідірістерге жол бермейміз. Егер олай етпесе, онда өздеріңіз білесіздер, қаржы құйылмаса қиындықтар туындауы мүмкін», - дейді Василий Курисько Мәжіліс депутаттарымен кездесу барысында.

Кәсіпорын басшысы елордада соңғы бес жыл ішінде жылу тарифтері қаншаға көтерілгені туралы да айтты.

«Тариф динамикасына келер болсақ, егер қолданыстағы тариф болса - біз оны 2020 жылды қосып қорғап қойдық. Өсім бар, соңғы бес жылда бізге: бірінші жылы 7%, екінші жылы 6,6% және соңғы екі жылда 5,5%-дан өсіруге рұқсат етілді», - дейді ол.


Сондай-ақ, ол кәсіпорындағы жұмысшылардың жалақысы орташа есеппен 200 мың теңге екенін айтты.