14:37, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
Соңғы мәліметтер бойынша, Батыс Виргинияда шахтада жарылыс болды
АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Соңғы мәліметтер бойынша, Батыс Виргинияда шахтада болған жарылыстың салдарынан 25 адам қаза тапты.
Оқиға Батыс Виргинияның орталығы - Чарльстон қаласының оңтүстігіне қарай 48 шақырым жердегі шахтада болған. Бұл осы шахтада 1984 жылдан бері орын алған ең үлкен жарылыс, деп хабарлайды Associated Press.
Төрт кенші із-түзсіз жоғалғандар санатында, құтқару жұмыстары уақытша тоқтатылды. Жарылыстың себебі туралы әзірге ештеңе хабарланған жоқ. Кейбір дерекөздер метан газының жарылуы мүмкін екенін хабарлауда.