Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Соңғы он жылда Жамбыл облысында елуге жуық мектеп ашылды

ТАРАЗ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Соңғы он жылда аймақта 47 мектеп ашылды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Соңғы он жылда Жамбыл облысында елуге жуық мектеп ашылды

Жаңа жыл күндерінде Жамбыл ауданының Аса ауылында интерактивтік тақталармен, мультимедиялық және лингафондық кабинеттермен жабдықталған 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Құрылыс жұмыстарын жамбылдық «Бином» компаниясы жүргізді.

2012 жылы облыс аудандары мен Тараз қаласында алты мектеп және алты балабақша ашылды.

Облыстық әкімдік мәліметтерінше, 2013 жылы 26 білім нысанын салу жоспарлануда. Олардың 15-і республикалық бюджеттен, 11-і - жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.