Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Соңғы жарты жылдың ішінде әлемде мұнай өндіру көлемі 4 пайыздан астамға кеміді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 16-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мұнай өндірудің көлемі әлемде 2008 жылдың жазынан бастап азайып келе жатыр. Соңғы жарты жылда ол 4 пайыздан астамға кеміді.

Соңғы жарты жылдың ішінде әлемде мұнай өндіру көлемі  4 пайыздан астамға кеміді
Бұл жайлы Алматыда өтіп жатқан тәуекел менеджменті туралы 5-ші халықаралық конференцияда мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мұнай өндірісі әлемде 2002-2004 жылы жылдам өсіп, одан кейін тұрақтанды. Ал 2008 жылдың жазынан бері өндіріс көлемі құлдырауда. Ал бұл жағдай әр елде әртүрлі жүріп жатыр. Тіпті кейбір мемлекеттерде керісінше өндіріс көлемі артқан. Сондықтан әлемдік мұнай өндірісінің төмендеуін тек мұнай бағасының арзандауымен байланыстыруға болмайды», - дейді «Экономикалық талдаулар институты» қорының президенті Андрей Илларионов. Оның сөзіне қарағанда, өндірістің төмендеуі қаңтар айында Қазақстанда - 2, Ресейде - 17, Әзірбайжанда 21 пайызды құраған.