Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласын мамандармен қамту жақсарды - Г.Исмағұлова, БҚО
Бұл туралы Орал қаласындағы №4 отбасылық денсаулық орталығының директоры Гүлсара Исмағұлова мәлім етті.
Оның айтуынша, сонымен қатар медициналық мекемелердің материалдық әлеуеті арта түсуде. Халықтың денсаулығын нығайту мақсатында облыста атқарылып жатқан игі істерде депутаттардың да үлесі бары анық.
«Біздің отбасылық денсаулық орталығы 2009 жылы Батыс Қазақстан медицина колледжі ғимаратының бір қанатына қоныстанды. Күрделі жөндеуден өтіп, жаңа медициналық құрал-жабдықпен қамтылды. Біз бүгіндері Зашаған кенті аумағында тұратын 19519 тұрғынның денсаулығын жақсарту жолында еңбек етіп келеміз. Депутат - халық пен биліктің арасын жалғаушы, ел-жұрттың мұңын билік буындарына жеткізуші деп есептеймін. Ендеше, батысқазақстандықтар да халық қалаулыларын сайлайтын саяси науқаннан тыс қалмайтыны анық», - деді Г.Исмағұлова.