Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирдің ширек финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 738-ракеткасы, 20 жастағы Соня Жиенбаева Виго (Испания) ITF W35 турнирінің ширек финалына шықты.

Соня Жиенбаева
Фото: Sport.kz

Соня Жиенбаева екінші айналымда әлемнің 529-ракеткасы, ресейлік Екатерина Яшинамен кездесті.

Бірінші партияда ресейлік теннисші 6:2 есебімен басымдылық танытты. Екіншісінде С.Жиенбаева есе қайырды - 6:2. Содан кейін үшінші, шешуші сетте жеңісті жұлып алды - 6:3.

Тартысты бәсеке 1 сағат 42 минутқа созылды.

Осылайша, өткен аптада өзі үздік атанған жарысты қоса есептегенде, Соня Жиенбаева қатарынан жеті матчта жеңіске жетті.

С.Жиенбаеваның ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Торонто турнирінде Елена Рыбакинаның «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионын жеңгенін жазған едік.

Сондай-ақ теннисші Соня Жиенбаева жеңіс сериясын алты матчқа жеткізді.