Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирдің жартылай финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 450-ракеткасы, 20 жастағы Соня Жиенбаева Виго (Испания) ITF W35 турнирінің жартылай финалына шық.

Соня Жиенбаева
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 296-ракеткасы, Беларусь өкілі Дарья Хомутянскаямен шеберлік байқасты. 

Бірінші партияда Жиенбаева айқын басымдылық танытты — 6:1. Ол екінші сетте де сол қарқынынан тана қойған жоқ — 6:4.

Соня Жиенбаеваның келесі қарсыласы кейін анықталады.

Қазақстандық теннисші бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіде 738-ден бірден 450-орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Торонто турнирінің финалында есе жібергенін жазған едік.