Соня Жиенбаева жұптық сында Испаниядағы жарыстың финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 20 жастағы Соня Жиенбаева жұптық сында Виго (Испания) ITF W35 турнирінің финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Яшинамен бірге алдымен америкалық Ариана Пасос-Делагила – испаниялық Мэйр Грейс Райан Пиасты тас-талқан етті – 6:0, 6:1.
Қазақстандық-ресейлік жұп ширек финалда литвалық Ивете Дапкуте – испаниялық Чаро Эскива Баньюльстан айласын асырды – 6:4, 7:5.
С.Жиенбаева – Е.Яшина жартылай финалда марокколық Ясмин Каббадж – қытайлық Юфей Ренге тап келді.
Бірінші партияда марокколық-қытайлық жұп басымдылық танытты - 6:3.
Бұдан кейін С.Жиенбаева - Е.Яшина камбэк жасай білді - 6:2, 17:15.
Бәсеке сағат жарымға созылды.
Соня Жиенбаева - Екатерина Яшина финалда испаниялық Виктория Гомес - нидерландылық Аранча Руспен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Торонто турнирінің финалында есе жібергенін жазған едік.